Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына "ерте жүктілік" диагнозы қойылған 16 жасар кәмелетке толмаған қыз түсті. Босанған қыз түскен облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері оқиға туралы полицияға мәлімдеген, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", – делінген Жамбыл облысының полиция департаментінің хабарламасында.