«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының іске қосылғанына бір жыл толды. Қарағанды облысының тұрғындары тазалық пен көгалдандырудың республикалық челленжін белсенді қолдауын жалғастырып жатыр, қалалар мен ауылдардың таза болуы үшін өз үлестерін қосуда. Өңірде жаппай ағаш егу жүріп жатыр.
Бүгін Қарағанды қаласының «Алаш» саябағында жүзден астам ағаш егілді. Акция табиғатқа бей-жай қарамайтын түрлі жастағы және мамандықтағы тұрғындарды біріктірді. Еріктілер, жас белсенділер, қалалық мәслихат депутаттары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен коммуналдық қызмет қызметкерлері қатысты.
– «Алаш» саябағы – қаланың маңызды қоғамдық кеңістіктерінің бірі, осындай бастамалардың арқасында ол жайлы әрі көгалданып келеді. Экологияны қолдау – біздің ортақ міндетіміз, – деп атап өтті қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Әубәкіров.
Қарағанды қаласының кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Серік Санаубаев мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыратынына сенімді. Әсіресе, жастарды экологиялық құндылықтардың болашақ сақтаушылары ретінде тарту маңызды.
Саранда үш мыңнан астам оқушы білім беру аллеясы мен мектеп жанындағы аумақтарды абаттандыруға шықты.
Алдымен қоқыс, құрғақ жапырақтар мен бұтақтар жиналып, петуниялар
мен 600-ге жуық қайың көшеттері егілді.
Акцияның жас қатысушылары көгалдандыруға арналған гүл көшеттерін мектеп жылыжайында өздері өсірген. № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары өз еңбектерінің жемісін берді.
Ал Абай атындағы мектептің оқушылары «Қысқы бақ» үйірмесінің қызметі туралы әңгімелеп, гидропоника – топырақсыз өсімдіктерді өсірудің заманауи әдісі саласындағы білімдерімен бөлісті.
– Біз «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдаймыз, өйткені тазалық пен абаттандыру – әркім қатысуы тиіс ортақ іс. Бүгінгі акция ортақ мақсат үшін бірігудің қаншалықты маңызды екенін тағы да дәлелдеді. Мұндай іс-шаралар жастарда экологиялық ойлау мен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі, – дейді мектептің өзін-өзі басқару президенті Данияр Байдаров.
Қарағанды тұрғындары аулаларын көгалдандырады, ағаштар мен бұталар екті.
Ал Орталық мәдениет және демалыс саябағында алма бағы пайда болады. Мұнда бес мың көшет егіле бастады.
Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында ағаш, бұта және гүл көшеттері егіледі. Экологиялық акциялар өңірдегі өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.