BANNER

Теміртауда сынақ режимінде трамвай іске қосылды

Qarmet

Теміртау қаласындағы экологиялық таза көліктің қайта жаңғыртылуы, 2023 жылдың ақпан айында жабылғаннан кейін, Qarmet компаниясының әлеуметтік бастамаларының бірі болды. Жаз мезгілінен бастап теміржол қабатын ауыстыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілді, бүгін сынақ режимде көліктің алғашқы айналымы жасалды. Алғашқы трамвай - жол және электр инфрақұрылымын тексеру мақсатында жүрді. Тұрақты қатынас барлық тиісті сынақтардан кейін, осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Теміртауда барлығы 8 жаңа, заманауи вагон жүреді, әрқайсысы жеке дизайнмен жасалған. Мұнда комбинаттың цехтары мен өндірістері бейнеленеді. Вагондардың бірі Теміртау қаласына арналады. Жаңа трамвайлар жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамсыз етеді. Онда кондиционер, салон жылытқышы және LED-жарықтандыру бар. Бұл жолаушыларға жайлы сапар жасауға жол ашады. Сонымен қатар, жаңа трамвайлар қажетті қауіпсіздік және басқару жүйелерімен жабдықталған, үш есік, төмен деңгейлі еден және мүгедектерге арналған пандус бар, бұл ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін ыңғайлы. Сонымен бірге, Qarmet Теміртау жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, трамвай жүргізушілерін оқыту бағдарламасына қабылдау жариялайды, жұмыспен қамтуды кепілдендіріп. Алғашқы 12 адамнан тұратын топты қазан айында компанияның толық қаржыландыруымен оқыту жоспарлануда. Трамвайдың жүруі — тек көлік жүйесін жақсарту емес. Бұл - тұрақты дамуға және металлургтер қаласына деген құрмет белгісі. Ол аудандарды біріктіреді, ыңғайлы әрі қолжетімді көлік қызметтерін ұсынады және Теміртау қаласын тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды етеді.