BANNER

Теміртауда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық байқау өтті

Gov.kz

Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән және көркем сөз байқауы өтті. Байқауға 12-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Қатысушылар батырлар ерлігіне арналған әндер шырқап, рухқа толы әсерлі өлеңдер оқыды. Әрбір қатысушы сахнада үлкен тебіреніспен өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Батырлардың рухына арналған терең мазмұнды жырлар мен сырлы әндер көрермендер жүрегінен орын тапты.

Байқаудың негізгі мақсаты — өскелең ұрпақты батырлық пен ерлікке баулу, Отан қорғаған бабаларымыздың ерлігін ұлықтау,жастардың патриоттық сезімін ояту.

Шара барысында «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды!»,«Есімде!Мен Мақтанамын!» тақырыбында сурет байқауының қатысушыларын марапаттау өтті.Байқауға 10-14 жастағы оқушылар өз суреттерін ұсынды.Қазылар алқасы қатысушылардың өнері мен шығармашылық қабілеттерін бағалады.

  Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Мұндай байқаулар жастардың тарихи санасын қалыптастырып, олардың бойындағы ұлттық рухты оятуға бағытталған маңызды бастама