"Террикон алқабы" сәуір айындағы неконференцияға өтінімдерді қабылдау туралы жариялады

Фото: gov.kz

"Террикон алқабы" IT-хабы сәуір айындағы неконференцияға тіркеуді ашты. ІТ & digital-мамандар арасында желілік іс-шара 26 сәуірде өтеді және автоматтандыруға арналады.

Алты спикердің "Салалар" және "Құралдар" екі бағытында баяндамалары болады деп жоспарланған.

Game Changer-дегі СЕО Даниэль Гальберт бизнесті автоматтандыру туралы айтып береді. Дәріскер кәсіпкерге қолайлы құралдар мен жүйелер жайлы егжей-тегжейлі айтып беріп, қалыптасқан стереотипті аңыздарды жояды.

Тыңдаушылар компанияның қаржылық есептілігін автоматтандыру туралы Nexus Digital Services және Top Priority Dubai қаржы директоры Екатерина Газизовадан біледі. Спикер уақыт пен ресурстарды үнемдеудің құпияларымен бөліседі.

Qazcode (Beeline) әзірлеу жетекшісі Илья Кубарев "Процестерді жылдам автоматтандыру және төмен код-технологиялар негізінде гипотезаларды тексеру" дәрісімен ортаға шығады. Ол тұрақсыз процестерді неге автоматтандыруға болмайтынын және low-code бизнеске жылдам пайда табуға және гипотезаларды растауға қалай көмектесетінін түсіндіреді.

Бизнес-процестерді автоматтандырудағы AI мүмкіндіктері мен кейстерін А-Business-те CEO Тимур Дурмагамбетов бөліседі,

Nexus Pro-дағы CEO Магомед Махамашев WhatsApp арқылы сатуды қалай автоматтандыру керектігін айтып береді.

Low-code көмегімен қосымшаларды әзірлеуді қалай автоматтандыруға болатынын QazCode (Beeline) Lead Developer Мұрат Имаков түсіндіреді.

Іс-шара офлайн және онлайн режимінде өтеді.

Басталуы 18:30.

Қатысушылар terricon.kz сайтында тіркелуі тиіс.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.