BANNER

Тиімді шешімдер кезеңі

Сурет: advice.uz

Өздеріңіз білесіздер осыдан екі жыл бұрын 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткені баршамызға мәлім. Ол кезде Конститутциямыздың 33 бабына түзетулер енгізілді. Осылайша, Президентіміз алдағы конституциялық өзгеріс­терді, еліміздегі маңызды мәселелерді қоғамдық талқылауға салудың маңыздылығына тоқталды.

Еліміздегі Конституциялық нормаға сәйкес республикалық референдум өткізудің бірқатар оң тұстары бар. Біріншіден, бұл мемлекеттік маңызға ие проблемаларды халық болып талқылауға салу. Осы талқылауда қоғамның ойы мен сұранысы ескеріледі. Екіншіден, халықты жалпыхалықтық референдумда дауыс беру үрдісіне тарту. Бұл арада азаматтарымыздың белсенділігі мен саяси қатысуын назарға алу, олардың қызығушылығын арттыруға ықпал ету.

Әрине, физика пәнінің мұғалімі ретінде, елімізде АЭС салуды қолдаймын. Халқымыз ең алдымен АЭС еліміздің экономикалық әрі саяси саласына ықпал ететінін білсе екен деймін. Біз жан-жақты саралап, зерттеп, зерделеп еліміздің болашағына тиімді шешімді шығарамыз деп сенемін. Өйткені қазір әлеуметтік желіде АЭС туралы қызу талқылаулар жүріп жатыр.

Халқымыз БАҚ беттерінен арнайы мамандардың тұшымды пікірлерімен танысқан болар. Ең бастысы, қоғам пікірі қақ жарылған мәселеде оны біртұтас ел болып талқылауға салуды дұрыс деп санаймын. Еліміз өз игілігіне тиімді шешімді қабылдайды деп сенемін.

 Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында бұдан былай қоғам пікірі ескерілетінін үнемі тілге тиек етіп жүр. Қазір билік пен халықтың арасында байланыс орнады. Бұл әрине дұрыс деп санаймын. Себебі, жоғары билік халықтың ойымен, мұңымен санасуы керек. Әрбір азамат өз еліндегі болып жатқан саяси болсын, әлеуметтік болсын, елдік мәселе болсын барлығын бірігіп шешкені дұрыс деп ойлаймын.

Соңғы кездері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жан-жақты қолдана бастадық. Бұл да ел игілігіне бағытталған іс-шаралардың бірі деп білемін.

Темірлан Какенов,

 «Молодежный Альянс» ҚБ төрағасы

ortalyq.kz