BANNER

Тікұшақ апатқа ұшырап, бір отбасы қаза тапты

Фото: apnews.com

Нью-Йоркте тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, ұшқыш пен бес адамнан тұратын Испаниядан келген туристер отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Апат эскурсиялық ұшақ Нью-Йорктің әдемі жерлерін әуеден тамашалап жүрген сәтте болған. Құрбандардың арасында Siemens Агустин Эскобар, оның жұбайы, энергетикалық технологиялар компаниясының жаһандық менеджері Мерсе Кампруби Монталь және олардың үш баласы бар.

Тікұшақ компаниясының сайтында жарияланған суреттерде тікұшаққа мінер кезде түскен отбасының бақытты сәтінің суреті жарияланған. Бұл – олардың соңғы суреті болуы мүмкін.

Ұшақ күндіз шамамен күндіз сағат 3-тің кезінде ұшып шығып, 18 минутқа созылған. Радар деректеріне сәйкес, тікұшақ бастапқыда Манхэттенді бойлай ұшып, одан кейін оңтүстікке қарай Бостандық ескерткішіне оралған.

Ал, апаттың бейнежазбасында әуе кемесінің бөліктері Нью-Джерси штатындағы Джерси-Сити жағалауының маңына суға құлап бара жатқаны көрінеді.

Оқиғадан соң бірнеше минут өткенде құтқару қайықтары суға батқан ұшақты қоршап алған. Құтқару бригадасы арада бірнеше сағат өткенде жүзгіш кранның көмегімен тікұшақ қалдықтарын алып шықты.

Шенеуніктердің айтуынша, рейсті New York Helicopters компаниясы орындаған. Компанияның Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі кеңсесінен оқиғаға қатысты пікір алу мүмкін болмағаны айтылуда.

Көлік саласы бойынша ұлттық қауіпсіздік кеңесі тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.