Мемлекет басшысы Алматы әуежайында қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктіні ұстаған азаматқа мемлекеттік награда беруді тапсырды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz- ке сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайынан хабардар екенін жеткізді.
“Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.
Кейіннен қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктінің кім екені анықталған.