BANNER

Тоқаев кибербуллингке қатысты заңға қол қойды

Фото: unsplash.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақордаға.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Жарлықта"

Еске салайық, Парламент Сенаты бюросының мүшелері 14 сәуірде осы заң жобасын қараған болатын. Кейін Мәжіліс депутаттары бала құқықтарын қорғау туралы заң жобасы бойынша Сенаттың түзетулерімен келісті және егер онда балаларға арналған кибербуллингке жол берілген болса, әлеуметтік желіні толық бұғаттау мүмкіндігін жойған болатын.