BANNER

ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын жойды

Фото: ҰҚК

Осы жылдың 8 қарашасында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды, - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.