BANNER

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізушілерге ескерту жасады

Сурет: Чат-бот КПП "КПП Маштаково" - "Сырым"

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар болатынын ескертті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, "Сырым" бақылау өткізу бекетінде көлік қозғалысы қиындайды.

"ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды. Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" бақылау өткізу бекетінің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған", - делінген хабарламада

Комитет хабарлағандай, басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Көлік жүргізушілері осыны ескеріп, қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет.