BANNER

Ұлытауда экологиялық талаптарды сақтамаған 11 әкімнің үстінен іс қозғалды

Фото: orda.kz

Ұлытау облысының прокуратурасы экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін 11 әкімге қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде 66 кәсіпорын, оның ішінде жергілікті коммуналдық және жер қойнауын пайдаланушы компаниялар міндетті экологиялық бақылау есептерін ұсынбағаны анықталды. Бұл Экологиялық кодекстің 184-бабын бұзып, өңірдегі қоршаған орта жағдайын нақты бағалауға кедергі келтіреді.

Барлығы 125 құқық бұзушылық фактісі анықталып, Жаңаарқа ауданы ауылдық округі әкімдеріне қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды.

Сонымен қатар, прокуратура экология департаменті, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшыларын Конституциялық «Прокуратура туралы» заң талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартты. Жауапты тұлғалар  4,6 млн теңге айыппұл төледі. Ведомство экологиялық нормалардың сақталуын бақылау жұмыстарының жалғасатынын атап өтті.