Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында сағат 19.00-ден бастап көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қарағанды облысы
"Қызылорда-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы;
"Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
"Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.
Ұлытау облысы
"Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.
Павлодар облысы
Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.
Жолды 2024 жылдың 2 желтоқсаны сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.