BANNER

"Үйленбеген, баласы жоқ": жуырда қалыңдық атанған тележүргізуші сүйіктісі туралы қауесетке нүкте қойды

Фото: yandex.kz

Жақында тұрмысқа шығатынын айтқан танымал тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі – музыкант Сұлтан Нұрбековке қатысты желіде тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

 

Диана Скатова Instagram-да болашақ жары, Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі Сұлтан Нұрбековтің бойдақ екенін, оның бұрын-соңды отбасы болмағанын айтты. Осылайша ол сүйіктісіне қатысты желі қолданушыларының ойын жоққа шығарды.

"Қанша адам Сұлтан үйленген, бала-шағасы бар" деп жүр. Негізі – жоқ, кезінде мен қалжыңдап, әзіл видео түсіргенмін. Жасұлан деген әріптес, редакторымыз болды. Сол Жасұланның баласын ұстап жүрді де, мен: "Бұл – Сұлтанның баласы, үйленген" деп өтірік түсіре салғанмын. Қазір сол өз видеом өзіме қарсы шығып жатыр. "Сен Сұлтанды жанұясынан алып кеттің" , тағысын тағы. Жоқ, ханымдар мен мырзалар, ол үйленбеген, баласы жоқ", - деді Диана Скатова.