Байқауға қатысу үшін үміткер Отбасы банкінің салымшысы болуы керек.
Қазақстанда 9-20-19 (мөлшерлеме – бастапқы жарна – мерзімі) схемасы бойынша "Отау" ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдауды басталды.
Өтініштер 30 сәуірді қоса алғанда Отбасы банкі порталында қабылданады. 18 бен 63 жас аралығындағы азаматтар келесі шарттарды сақтай отырып қатыса алады?
Отбасы банкінде кемінде бір жарым жыл мерзімге кемінде 1 миллион теңге сомасында салымның болуы;
Салымшы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда жеке баспанасы болмауы;
Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй алатын жағдайда осы қалаларда тіркелу қажет.
Қатысушылар қалай таңдалатынын мына жерден оқи аласыз. Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жариялағаннан кейін сіз 40 жұмыс күні ішінде несие алуға өтініш беруіңіз керек.
Несиенің ең жоғары сомасы Алматы мен Астанада 30 миллион теңгені, басқа аймақтарда 18 миллион теңгені құрайды. Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша сатып алуға болады. Қалған елді мекендердің барлығында кез келген баспана түрін сатып алуға болады.