Танымал актриса Жания Джуринская отадан кейінгі кеудесін көрсетіп, ел талқысына түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Актриса жуырда омырауын үлкейтіп, ота жасаған еді. Бұл жолы арнайы фотосессия кезінен суреттерін көрсетті. Дегенмен Жания Джуринскаяның суреттері желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ. Жұрт актрисаны сынның астына алды.
“Жасанды екені көрініп тұр”, “Бұрын өнер адамдарын таланты мен қабілетіне қарай бағалайтын еді. Қазіргілер бөксесі мен кеудесі арқылы танылып жүр", "Әйелін қызғанбайтын еркек жұмаққа кірмейді, деп ескерткен", "Ұят қайда? Кеудеңізді шығарып, не болып барамыз біз", "Табиғи болса мақұл, қолдан жасалғаны анық", – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, актриса омырауын үлкейту үшін қырғызстандық хирургтардың көмегіне жүгінген.
“Жәния – асқан сұлу келіншек. Екі баланың анасы. Өзі ғажап сақталған. Біз тек осындай сұлулыққа кішкентай үлес қостық”, – деп жазды дәрігер-хирург.