BANNER

«Жасөспірімдер зорлаған 5 жасар қыз»: Күдіктілер тұтқындалмады

Фото:pixabay.com

Қостанайда 5 жасар қыз сексуалды зорлық-зомбылыққа тап болды деп хабарлайды, LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қылмысқа 8, 12 және 13 жастағы үш бала күдікті болып отыр. Қостанай облыстық полиция басқармасы күдіктілердің жасы кіші болған соң тұтқындалмағанын айтты

Бұл туралы Немолчи.kz қоры хабарлаған болатын.

Қостанай облысы полиция басқармасының хабарлауынша, кәмелеттік жасқа толмаған қызға көрсетілген сексуалдық сипаттағы әрекеттер бойынша алдын ала тергеу басталды.

«Алдын ала тергеу барысында үш баланың қатысы бар екені анықталды. Құқықтық жауапкершілікке тарту үшін күдіктілердің жасы кіші болған соң, оларға қатысты ешқандай тұтқындау шарасы қолданылмады», - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

5 жасар қыздың анасы жалғызбасты ана екені анықталды. Қостанай облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Несібелі Бәсенова көмек көрсететін орталықтардың көмегін алу жайлы ұсыныс жасаған. Анасы келісіпті. Бірақ қазіргі таңда Несібелі Бәсенова өзінің instagram парақшасына анасының қоңырауға жауап бермей жатқанын жазды.

Іс кәмелетке толмағандардың ісі бойынша арнайы сотқа жіберілді. Алдын ала тергеу ісі басталды.