BANNER

"Жасыру мүмкін емес": Aeka Posh көпшілікке күйеуін көрсетті

Фото: instagram.com/aeka.posh

Алматыда отандық танымал блогер Aeka Posh-тың үйлену тойы дүркіреп өтті. Жас жұбайлар дүбірлі тойды тек достары үшін ғана жасаған. Желі жұлдызы өміріндегі аса бақытты күндерінің бірі қалай өткенін әлеуметтік желіде көрсетіп, көпшілікке жолдасын таныстырды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап.

Айым Алтынбекованың үйлену тойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Ерлі-зайыпты құдалықты ет-жақындарының қатысуымен өткізсе, үйлену тойын тек достарымен тойлауды шешкен. Дүбірлі тойдың қызықтарын қалыңдықтың өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. "Жылдар бойы аңсап күткен күніміз. Бәріне шүкір. Бұл естен кетпес күн болды", - деп жазды Aeka Posh. 

Үйлену тойы өткен соң, Айым Алтынбекова көпшілікке жолдасын ресми түрде таныстырды. Бұған дейін сүйіктісін барынша жасырып келген блогер бұл жолы ғашығын оқырмандарына көрсетуді жөн көрген. "Көрсететін уақыт келді. Себебі енді жасыру мүмкін емес болып кетті. Аллахым тіл көзден сақтап, ғұмырлы өмір берсін. Тек жақсы сөз болсын", - деп жазды ол. 

Сонымен қатар желі жұлдызы той үстінде жолдасының жасаған тосынсыйын да көрсетті. Ол келіншегінің арманын орындап, сүйікті әншісін тойға арнайы шақырған.