BANNER

Жауын-шашын, тұман, жел: 18 наурызға арналған ауа-райы болжамы

Фото: unsplash.com

«Қазгидромет» синоптиктері 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі» — деп хабарлады «Қазгидромет».

Cиноптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласында тұман болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман тұсуі ықтимал. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде өңір орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысының Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.