Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 11 наурызда Астана уақытымен сағат 1:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 298 шақырымда, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер дүмпуі Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілді.