BANNER

Жетісу облысында жер сілкінісі болды

Фото:depositphotos.com

29 мамырда Астана уақытымен 2:14-те Жетісу облысы Ақши ауылы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жерасты дүмпулері сезілмеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылынан 11 шақырым жерде, Алматыдан 478 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан", – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.

ТЖМ "Қазселезащита" мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерді тексерген.

"Сондай-ақ, тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарының зақымдану ықтималдығы бойынша көзбен шолу жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ, аталған нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", – деп мәлімдеді министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, жағдай тұрақты.