BANNER

Жоғарғы сот хиджаб киетіндерді мектепке кіргізбеу заңсыз деп тапты

stan.kz

Қазақстандық оқушы қыздар енді сабаққа орамалмен қатыса алады. Жоғарғы сот балалардың білім алу құқығы шектеліп жатқанын атап өтіп, білім беру ұйымдарына бұл тыйымды заңсыз деп тапты. Бұл туралы Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

 Құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов Instagram парақшасында Жоғарғы сот облыстық соттың шешімін бұзып тастағанын айтты.

"Жоғарғы сот қыздардың мектепте орамал таққанына байланысты балалардың білім алу құқығы мен орамал мәселесіне нүкте қойды. Жоғарғы Соты облыстық соттың шешімін бұзып, оқушының орамалына байланысты шектеулер білім алу құқығын бұзады деп таныды. Балалардың құқықтарын қорғауға бірнеше заңгер мен белсенділер қатысты", – дейді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, мұндай шешімдерді бұған дейін төрт облыстың соттары да мойындаған.

"Министрлік орамалмен күресіп жатқанда, Қазақстанда балалар арасындағы суицид пен зорлық-зомбылық көбейіп кетті, бұл өте өкінішті. Қалай болғанда да, сот билігі министрліктің ұстанымына емес, заң нормаларына қарайтыны жақсы", – деді ол.

Құқық қорғаушының жазбасы желіде дау тудырды. Біреулер Жоғарғы соттың шешімін қолдаса, енді біреулері қыздар өскенше орамал тақпауы керек деп есептейді.

"Балаға мектепте орамал тағып қажет емес деп ойлаймын. Қазір балалар өте қатыгез, олар мұны мазақ қылуы мүмкін. Екіншіден, бұл қыздың емес, ата-анасының қалауы. Қыз өссін, орамал таға ма, жоқ па, өзі шешеді”, – деді желі қолданушысы.

Тағы бір қолданушысы баланың есейгенін күтпей, көзқарасын қалыптастыра беру керек деп санайды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім ошақтарында барлық оқушының мектеп формасын киюі маңызды екенін айтқан. Білім саласына қатысты мәселелерді басқа аспектілермен шатастырмау керегін түсіндірді.

Egov.kz мемлекеттік порталы мектеп қабырғасында хиджаб киюге тыйым салу ешбір дінге басымдық бермей, зайырлылық қағидаттарын, ішкі тәртібін сақтау үшін енгізілгенін хабарлайды.

Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орамалды қыздарды таңдауын құрметтеп, оларды шектеу керектігін айтты,.