BANNER

Жолда энергетикалық сусын ішкен жолаушының жағдайы күрт нашарлаған

Aikyn.kz
Ер адам 2 банка энергетикалық сусын ішкен.

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жолаушыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, түн ішінде трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушыларының бірінің денсаулығы нашарлағаны туралы шақырту келіп түскен.

– Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған, жіті панкреатит диагнозын қойып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккенді Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді, – делінген хабарламада.

ТЖМ Апаттар медицинасы қызметі ескертеді: энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.