BANNER

Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды

Фото: жоқ

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

Балаева Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде 7-тармақта "хатшыдан" деген сөз алып тасталды.

13-тармақ мынадай редакцияда жазылады:

"13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.";

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)" деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Балаева Аида Ғалымқызы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға";

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)".