BANNER

Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ашық дереккөз

Осы жылғы шілде айының екінші жартысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Қарағанды облысының халқымен кездесуі жоспарлануда. Онда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және халықтың табысын арттырудың, сондай-ақ ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Saryarqanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Министрлікке сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, "Е-Өтініш" (орыс тілінде) suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы.

Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: (8-7172) 74-36-03, 74-36-79, 74-37-23.