BANNER

Қарағандылық өрт сөндірушілер тоғыз қабатты үйде газ жарылуының алдын алды

ТЖД

Кеше Мұқанов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт болып, өрт сөндірушілер өз өмірлерін қатерге тіге отырып, тоғызыншы қабаттың балконынан екі газ баллонын сыртқа алып шықты.

– Қарағанды қаласында 9 қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің балконынан өрт шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер екі газ баллонын шығарды. Олардың сыйымдылығы 27 литр болды, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.