Кеше Мұқанов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт болып, өрт сөндірушілер өз өмірлерін қатерге тіге отырып, тоғызыншы қабаттың балконынан екі газ баллонын сыртқа алып шықты.
– Қарағанды қаласында 9 қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің балконынан өрт шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер екі газ баллонын шығарды. Олардың сыйымдылығы 27 литр болды, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.