Қарағандылық құтқарушылар қонақүйде шыққан өртті сөндірді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Қазыбек би ауданында қонақүйлердің бірінде қаптама қабырғалары және кондиционер жанды. 13 адам алдын ала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 23 минут ішінде жойылған. Зардап шеккендер жоқ.