BANNER

Қарағандыда қонақүй өртенді

Фото: pexels.com

Қарағандылық құтқарушылар қонақүйде шыққан өртті сөндірді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қазыбек би ауданында қонақүйлердің бірінде қаптама қабырғалары және кондиционер жанды. 13 адам алдын ала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 23 минут ішінде жойылған. Зардап шеккендер жоқ.

 

https://t.me/qr_tjm/14185