BANNER

Алматы облысында 51 жастағы ер адам кейуананы тапсырыспен өлтіртпек болған

Aikyn.kz

Алматы облысында қарт әженің өліміне тапсырыс берген 51 жастағы адам ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғынына адам өлтіруге тапсырыс беріп, 10 млн теңге ұсынған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

«Тапсырыспен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу және сату мәмілесімен байланысты», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.