Алматы облысында қарт әженің өліміне тапсырыс берген 51 жастағы адам ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғынына адам өлтіруге тапсырыс беріп, 10 млн теңге ұсынған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«Тапсырыспен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу және сату мәмілесімен байланысты», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.