Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылға республикалық бюджеттен 6,8 триллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оның 6,7 триллионы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады, делінген заң жобасында. 2027 жылы 7,4 триллион теңге, ал 2028 жылға қарай бұл сома 8 триллион теңгеге жетеді.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 2 миллион 503 мың зейнеткер бар.
2026 жылдан 2028 жылға дейін Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

Stan.kz