BANNER

Қытайдағы хайуанаттар бағында арыстан балаға шабуыл жасады

Видеодан скриншот

Оқиға 26 ақпанда Шаньтоу қаласындағы Чжуншань Сафари бағында тіркелген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.

10 жастағы қыз арыстан қоршауына шамадан тыс жақындап, жыртқышқа ет бермек болған. Сол сәтте аң баланың аяғына тап берген.

Оқиға орнында болған қызметкер қызды арыстанның аузынан әрең ажыратып үлгерген.

Салдарынан бала жеңіл жарақат алып, қатты шошынған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, құтыруға қарсы екпе салынған.