BANNER

Астанада қатты жел көпқабатты үйдің қасбетін ұшырып әкетті

Фото: Life09

Астанада қатты жел көпқабатты үйдің қасбетін ұшырып әкетті. Қатты желден ғимараттың қасбетіне орнатылған жылу оқшаулағышы ұшып кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғын үйге қызмет көрсететін басқарушы компания жөндеу жұмыстарының құнын есептеп жатыр.

«Компания шығын көлемін анықтап, қасбетті қалпына келтіру үшін өнеркәсіптік альпинист жалдау мәселесін қарастыруда»,– делінген әкімдік хабарламасында.

Жеңіс даңғылында орналасқан «Айка» тұрғын үй кешені 2015 жылы салынған.