BANNER

Атырау облысындағы полигонда сарбаз көз жұмды

Фото: ЖИ Gemini

12 наурызда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде далалық жаттығулар кезінде сарбаз қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз оқ жарақатын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға қаруды абайсыз ұстаудың салдарынан болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.