Биржада доллар бағамы 482 теңге деңгейінде қалды

Фото: ЖИ Gemini

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,38 теңгеге қымбаттап, 482,33 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 482,32 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 479,97 теңгеден сатып алынады, 486,97 теңгеден сатылады;

— еуро: сатып алу — 551,97 теңге, сату — 561,97 теңге;

— рубль: сатып алу — 5,75 теңге, сату — 6,15 теңге.

— юань: сатып алу — 71,97 теңге, сату — 76,02 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 480,58 теңгеден сатып алынады, 483,02 теңгеден сатылады. Еуро 549,95 — 561,38 теңге, ал рубль 5,71 — 5,92 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,40 теңгеден сатып алынады, 74,20 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 19 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге арзандап, 482,32 теңге болды.