Қарағандыда жасөспірімдер арасындағы оқиға: полиция түсініктеме берді

Фото: ЖИ Gemini

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа байланысты Қарағанды қалалық полициясы ресми мәлімдеме жасады. Оқиға Қазыбек би ауданында болған.

 

Не болды?

Полицияға жасөспірімнің қолына пышақ ұстап, оқушының соңынан жүгіргені туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында 8 жасар бала үйіне қайтып бара жатқанда, оның соңынан қолында пышағы бар 12 жасар жасөспірімнің жүгіргені анықталды. Мәлім болғандай, балалар бір-біріне көрші болып шыққан.

 

Қазіргі жағдай:

 

Жасөспірім заңды өкілдерімен бірге бірден полиция бөліміне жеткізілді.

 

Олармен қатаң түрде профилактикалық әңгіме жүргізілді.

 

Полицияның мәліметінше, қос тараптың заңды өкілдерінің (ата-аналарының) бір-біріне қояр ешқандай талап-арызы жоқ.

 

Ата-аналардың қаперіне:

Тәртіп сақшылары балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударып, олардың бос уақыты мен мінез-құлқын тұрақты бақылауда ұстауды сұрайды.