Шымкенттік түлекке әлемнің 118 университеті грант ұсынды

Фото: Gemini ИИ

Шымкенттік мектеп түлегі Жанерке Жүнісәлі бірден 118 шетелдік университеттен гранттық ұсыныс алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Талапкер IELTS емтиханынан 6,5 балл жинап, оқу үлгерімімен де ерекшеленген. Оған грант ұсынған жоғары оқу орындарының қатарында АҚШ, Канада, Германия, Сингапур, БАӘ, Түркия және өзге де елдер бар.

Кейбір гранттардың көлемі 172 мың АҚШ долларына дейін жетеді.

Қазір Жанерке Малайзия университеттерінің ұсыныстарын қарастырып жатыр. Болашақ студент оқуын осы елде жалғастыруды жоспарлап отыр.