1 шілдеден бастап ауладағы көлік қою тәртібіне өзгерістер енгізіледі

Фото: Gemini

Жаңа талаптарға сәйкес, аулалар мен автотұрақтарды жоспарлау кезінде көліктердің көгалдарға шығуына жол бермейтін арнайы бөгеттер орнатылуы қажет, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жасыл аймақтарды сақтап, аула кеңістігін тиімді пайдалануға бағытталған.

Сондай-ақ, тұрғындарға аулаішілік және кварталішілік жолдарға өз бетінше кедергілер қоюға тыйым салынады. Яғни, темірбетон блоктар, бағаналар, қоршаулар және басқа да шектеу құрылғыларын рұқсатсыз орнатуға болмайды.