Атырау облысының Жылыой ауданында 62 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бас прокуратураның мәліметінше, стихиялық қоқыс үйінділері Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және бірнеше ауылдық округ аумағындағы 51 учаскеде тіркелген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Заң бұзушылықтарды жою қорытындысы бойынша Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентінің әкімдері, сондай-ақ 5 ауылдық округ басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы көлемі 227 мың теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Жылыой ауданының 495 тұрғыны да әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Атырау облысында заңсыз қоқыс полигондары үшін 7 әкім жауапқа тартылды
Фото: Gemini ИИ