Жұмыстан келіп, таңдау жасады

Сурет ұйымдастырушылардан

Шахтинск қаласының тұрғындары да бүгінгі Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына белсене қатысып, жекелей де, отбасымен және ұжымымен бірге өз сайлау учаскелерінде дауыс беруде.

Солардың бірі ертелі-кеш қала тірлігін қамтамасыз ететін “Шахтинсктеплоэнерго” ЖШС жұмысшылары да жұмыс киімдерімен келіп, осындағы 320-сайлау учаскесінде жаппай дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

 

Ержан ИМАШ

«Ortalyq Qazaqstan»

ШАХТИНСК