Дәурен Жұматайұлы Қосанов лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Дәурен Қосанов 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған болатын.