Қазақстанның тоғызыншы алтыны: Ясмина Тоқсанбаева Азиада чемпионы атанды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбанва Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Отандасымыз жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.

Қытайлық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.