Қазақстанның экспорты 25,4%-ға өсіп, $55,3 млрд-қа жетті

Фото: Life09

2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі 2025 жылғы желтоқсандағы 49 тармақтан асып, 50,4 тармақты құрады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев баяндады.

Бірінші жартыжылдықта тауарлар мен қызметтердің экспорты 25,4%-ға өсіп, $55,3 млрд-қа жетті. Бизнесті несиелендіру де өсім көрсетіп отыр: 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша алынған қарыздар көлемі 16,4 трлн теңгені құрады, ал депозиттер жылдық мәнде 17,2%-ға ұлғайып, 50,2 трлн теңгеге жетті.

Бағаның өсуін тежеу үшін Ұлттық банк Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларымен қатар орташа қатаң дәрежеде ақша-несие саясатын жүргізуді жалғастырады.
Сонымен қатар, еліміздің қаржылық тұрақтылығы нығайып келеді: қыркүйек айының аяғында алтын-валюта резервтері $66,2 млрд (жыл басынан бергі өсім - 1,2%), ал Ұлттық қордың активтері $66,7 млрд (4,3%) құрады.