Сайт ережелері

1.Сайтты пайдаланудың жалпы шарттары. 
1.1.Сайттың иесі «Saryarqa Aqparat» ЖШС болып табылады. 
1.2.Сайтқа қолжетімділігі бар кез келген тұлға сайт пайдаланушысы (әрі қарай - Пайдаланушы) болып табылады. 
1.3.Сайтты пайдалану осы Келісімнің төменде көрсетілген барлық шарттарын Пайдаланушының қабылдайтынын және сақтауға міндеттелетінін білдіреді. 
 
 2. Сайтта орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары 
2.1.Материалдарды көшіріп басуға, шығаруға және оны ары қарай таратуға тек «Saryarqa Aqparat» ЖШС  жазбаша келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, дегенмен, ақпараттық хабарламаларды жазбаша келісімдерсіз пайдалануға болады. 
Ақпараттық хабарламаларға «Пайдалануға тыйым салынған» белгісі қойылса, онда осындай белгісі қойылған ақпараттық хабарламаларды  пайдалануға тыйым салынады.
 2.2.Сайтта орналастырылған ақпараттық хабарламаларды тарату тек қана оны басқа редакцияда (рерайт) мазмұндағаннан кейін рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған таратылатын материалдың бірінші абзацында осы материалға гиперсілтемесін және «Life09.kz» деп хабарлайды мазмұндамасын қоса беру  міндетті болып табылады. 
2.3. «Life09.kz» cайтында орналасқан инфографикаларды, фото, видео және аудиоматериалдарды пайдалануға қатысты жазбаша рұқсат алған жағдайда, осы материалдарды қандай да бір өңдеуге, редакциялауға тыйым салынады. Шағымдар болған жағдайда сайт әкімшісіні немесе модераторына хабарласыңыз.