2026 жылғы жазғы туристік маусым Қарағандыоблысында ішкі және келу туризмін дамытуға жаңамүмкіндіктер ашуда. Өңір туристік инфрақұрылымдынығайтып, жаңа маршруттар мен сервистердідамытып келеді. Бұл үдерісте Туристік ақпараттықорталықтың, кәсіби гидтердің және заманауицифрлық құралдардың маңызы ерекше.
Соңғы жылдары Қарағанды облысында туристерүшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындаауқымды жұмыстар атқарылды. 2025 жылыҚарағанды қаласында Туристік ақпараттық орталықөз жұмысын бастап, өңірдің көрікті жерлері, туристікмаршруттары, орналастыру орындары мен туристікқызметтері туралы ақпарат ұсынатын бірыңғай алаңғаайналды.
2026 жылы туристік инфрақұрылымды дамытужұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. Облыстақалалық, табиғи және көлік тораптарындағы визит-орталықтарды қамтитын желі қалыптасуда. Әсіресеөңірге келетін қонақтардың негізгі ағыны өтетін көлікнысандарына ерекше көңіл бөлінуде. Олардыңқатарында Қарағанды теміржол вокзалы, Қарағандыхалықаралық әуежайы және жаңғыртылған Балқашқаласының әуежайы бар.
Балқаш әуежайында туристік ақпараттықорталықтың ашылуы өңір туризмін дамытудағымаңызды қадамдардың бірі болды. Ауқымдыреконструкциядан кейін әуежай Астана мен Алматы қалаларынан тұрақты рейстерді қабылдай бастады, бұл Балқаш өңірінің туристік қолжетімділігінайтарлықтай арттырды. Енді өңір қонақтары келгенсәттен бастап туристік маршруттар, көрікті жерлер, орналастыру орындары және Балқаш көлініңжағалауындағы демалыс мүмкіндіктері туралы толықақпарат ала алады.
Қарағанды теміржол вокзалы мен Қарағандыәуежайында ашылған жаңа визит-орталықтартуристерге өңірге келген алғашқы минуттарданбастап қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұлтәжірибе туристік ақпараттық қызметтердің көлікинфрақұрылымының ажырамас бөлігіне айналып кележатқан әлемдік үрдістерге толық сәйкес келеді.
Туристік ақпараттық орталық қызметінің негізгібағыттарының бірі – туристік маршруттарды дамытужәне ілгерілету. Бүгінде Қарағанды облысысаяхатшыларға табиғи, мәдени, тарихи жәнеиндустриялық нысандарды қамтитын әртүрлібағыттарды ұсынады. Әсіресе Қарқаралы мемлекеттікұлттық табиғи паркіне ұйымдастырылатынмаршруттар, Қарағанды мен Теміртаудың тарихиорындарына экскурсиялар, сондай-ақ Балқаш көліжағалауына саяхаттар үлкен сұранысқа ие.
Бұл маршруттарда кәсіби гидтер мен экскурсия жетекшілері маңызды рөл атқарады. Олар туристердіөңірдің тарихымен тереңірек таныстырып, сәулетескерткіштерінің маңызын түсіндіреді, өлкеніңмәдени дәстүрлері мен тарихи оқиғалары туралықызықты мәліметтер ұсынады. Гидтердің кәсібижұмысының арқасында қарапайым саяхат мазмұндытанымдық тәжірибеге айналады.
Қазіргі таңда туризмді цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерсіз елестету мүмкін емес. Туристердің басым бөлігі саяхат бағыттарынInstagram, TikTok, YouTube және басқа да онлайн платформалардағы жарияланымдар арқылытаңдайды. Осыған байланысты Туристік ақпараттықорталық өңірді ілгерілету мақсатында әлеуметтікжелілерде белсенді жұмыс жүргізіп, фото жәнебейнематериалдар дайындайды, туристікмаршруттарды таныстырады, ақпараттық турларұйымдастырады және блогерлермен ынтымақтастықорнатады.
Тарихи-мәдени мұраны насихаттау да ақпараттықжұмыстың маңызды бағытына айналып отыр. Заманауи цифрлық платформалар арқылы тұрғындармен туристер тарихи ескерткіштер, музейлер, индустриялық мұра нысандары, археологиялықкешендер мен табиғи көрікті жерлер туралы ақпараталады. Бұл мәдени мұраны кең аудиторияға, әсіресежастарға қолжетімді әрі тартымды етуге мүмкіндікбереді.
2026 жылғы жазғы маусым туризмді дамытукешенді тәсілді талап ететінін тағы бір мәртедәлелдеп отыр. Туристік ақпараттық орталықтарқонақтарды сапалы ақпаратпен қамтамасыз етеді, гидтер ерекше туристік тәжірибе қалыптастырады, ал әлеуметтік желілер өңірдің бай тарихи-мәденимұрасын кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Осындайбірлескен жұмыстың нәтижесінде Қарағанды облысыҚазақстандағы перспективалы туристік өңірлердіңбірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді.