11 шілде күні Целиноград ауданындағы жасанды су айдынында демалып жүрген отбасы үлкен қасіретке тап болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 9 және 12 жастағы екі қыз бала жағада тұрған көлікке киім ауыстыру үшін кірген. Сол сәтте автокөлік еңіске қарай өздігінен қозғалып, суға батып кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget NEWS-ке сілтеме жасап.
Балалардың әкесі оларды құтқаруға әрекеттенгенімен, дер кезінде үлгере алмаған.
ТЖД қызметкерлері көлікті судан шығару барысында оның салонынан екі баланың мәйітін тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақмола облысында қайғылы жағдай: суға батқан көліктен екі баланың мәйіті табылды
Фото: Gemini ИИ