«Әділет» партиясы жалған аккаунттар мен парақшалар туралы ескертті

Фото: Life09

Әлеуметтік желілерде партия атауын заңсыз пайдаланып, өзін партияның ресми өкілдігі ретінде таныстыратын жалған парақшалар анықталды.

Олар арқылы партиялық билеттер беру, партия мүшелерін тіркеу және партияның қызметіне қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр.

Партия олардың өздеріне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп, анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданғанын хабарлады.