Абай ауданындағы Мәдениет үйінде «Бірлік» орталығының мүгедектігі бар азаматтарымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Айжан Киясова, Нуркелди Омарханов және Эрем Бариев қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік осал топтарды қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық орта мен инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселелері қозғалды.

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік бағыттарға тоқталып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту және инклюзивті орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
«Инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін әрбір азаматқа тең мүмкіндік берілуі керек. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сапалы білім алуына, еңбек етуіне, қоғамдық өмірге араласуына кедергі болмауы тиіс. Бұл – тек әлеуметтік сала мамандарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті», – деді Айжан Киясова.
Басқосу барысында орталық қатысушылары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесуге шамамен 30 адам қатысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.