Қазақстан мен Әзербайжан Құрық – Алят бағытына жаңа паромдар салу жобасын қарастырып жатыр. Жаңа кемелер бір рейсте 120-ға дейін теміржол вагонын, яғни шамамен екі пойыз құрамын тасымалдай алады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қазір бұл бағыттағы паромдардың сыйымдылығы 44 вагоннан аспайды. Осыған байланысты пойыз құрамдарын бөліп тасымалдауға тура келеді. Бұл жүктің жеткізілу уақытын ұзартады.
Каспийде бірден екі пойыз тасымалдайтын паромдар пайда болуы мүмкін
Фото: Gemini ИИ